23.09.2023ж «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы, «Жас Сарбаз-патриоттар мекені» жобасы аясында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының және Білім басқармасының қолдауымен, елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетика марафоны өтті. Іс-шараға 300 ге жуық Жас Сарбаз тәрбиеленушілері қатысты.
АӘД ұстаздары 6 шақырым, ұлдар арасында 6, ал қыздар арасында 3 шақырым қашықытыққа жүгіруден жарыс өткізілді. Марафон нәтижесінде мектебіміздің 9 сынып оқушысы Сәлімжан Әльмансур 1 орынды жеңіп алып жеңімпаз атанса, грамотамен 9 В сынып оқушысы Шыңғысханұлы Әбілмансур марапатталды. Жүзден жүйрік келген жеңімпаздар Жас Сарбаз қозғалысының арнайы атрибутикалары және алғыс хаттарымен марапатталады.