Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

16.09.2023ж Отбасы күніне орай мектеп бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыс FailConf форматында "Отбасы, қоғам-игілікті болашақ" тақырыбында болды. Fail конференцияның мақсаты – қатысушылар мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығына өз мысалдарын келтіре отырып, кәсіби өсу және қарым-қатынас кедергісін жеңу бойынша бастарынан өткен сәтсіз тәжірибелерімен бөлісу.
Міндеттері:
- стандартты емес конференция форматын құру, оның шеңберінде байланыстар орнатып, тәжірибе алмасу;
- баяндамашыларды таңдау және олардың баяндамаларын дайындау;
- білім беру саласындағы кәсіби іс-шаралардың жаңа форматын қалыптастыру.
Сонымен қатар ата-аналардың өз ойын ашық айта білуге, адамгершілік, парасаттылық қағидалары арқылы өмірді пайымдауға, заң, мемлекеттік нышандарды қадірлеп-қастерлеуге үйрету, оқыту, дүние таным көзқарасын кеңейту, педагогпен ата-ананың бірлігін нығайту мақсаты көзделді.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы