Мектеп оқушыларының тәрбиесі үшін өте маңызды жобалардың бірі «Әжеден ғибрат» клубы өз жұмысын жаңа оқу жылында «Әжемнің ертегісі» жобасымен бастады. 15.09.2023ж Бастауыш сынып оқушыларына Әжелеріміз «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісін әсерлі етіп, айтып берді. Қазақтың ертегілерінің тәрбиелік мәні зор. Мифтік жануарлар, оқиғалар, баланың қиялын дамытып, ұстамдылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа, сабырлыққа, өмірлік жағдайларды шешуді үйренуге баулиды. Ертегі айтуға шақырған мектеп ұжымына алғыс, - дейді Теміржан Аружанның әжесі.
Қызықты ертегі сағатында балалар ертегі тыңдап қана қоймай, өз өнерлерімен де бөлісті.