Оқу жылының басталуына орай 14.09.2023ж сыныптық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста әр түрлі сұрақтармен бірге оқушы қауіпсіздігі үшін түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың қараусыз қалуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Оқушы, мектеп, ата-ана үштік одағының жұмысын жандандыру мақсатында оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін көтеру, отбасылық құндылықтарын арттыру бағытында "Әкелер" мектебі және "Ата-аналарды қолдау" орталығын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты.