Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Бүгін 12.09.2023ж мектебімізде Отбасы күніне орай Астаналық үлгілі «Әйел – Ана, Қоғам белсендісі, отбасы ұйытқысы» тақырыбында қоғам белсендісі, Шәкен Тұрар Сәттарқызымен кездесу сұхбат өтті. Кездесудің басы “Ана туралы жырмен”  басталды. Отбасы құндылығынның бір белгісі татулық. Балаларға бір біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық туралы айта отырып өзінің бала кезіндегі әке, атасы туралы, олардың айтқан сөздерімен бөлісті. Бала кезінде отбасында кітап оқуға көп мән бергендіктерін,  кітап жан дүниеңді байытатындығын айтты. Оқыған кітап авторларымен кейін ержеткенде кездескенін де жасырған жоқ.Сонымен қатар оқушылар  да Тұрар Сәттарқызының балалық шағын, ата-анасы,  отбасы және бүгінгі жұмысы жайлы да сұрақтар қойды. Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін, болашағымыз жарқын болсын.

   

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы