Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

      №72 мектеп-лицейінде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік ту көтеріліп, Гимн орындалды. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Дюсенова Айман Жуиагалиевнаға беріліп, ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.Салтанатты жиынның қонақтары Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Сулейменова Гулназ Туралиновна және Астана қаласы Білім басқармасының Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Хасенова Гульсим Тукеновна қатысып, мектеп оқушылары мен ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.
Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

                    

           

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы