22 Наурыз мерекесіне орай біздің мектебімізде Тақия күні өтті.
«Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші, қазақ халқы да төл киімдерін ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сан ғасырлардан бері сақтап келе жатыр. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу мақсатында өткізілген іс-шара өз нәтижесін берді.