2023 жылдың 17 ақпанында біздің мектебімізде– «Экология және біз» атты форум ұйымдастырылды.
Шара мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.Оқушылар форумда жобаларын қорғап, экологиялық білімдерін ортаға салды.