Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

16.02.2023ж № 72 мектеп-лицейде 4 сыныптар арасында  "Салауатты тамақтану - тамаша көңіл-күй" акциясы аясында іс-шара өтті. Іс-шараның бір мақсаты балалардың денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігі туралы, ең алдымен денсаулықты сақтау мен нығайтудың ажырамас бөлігі ретінде дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсініктерін бекіту болды.

Оқушылардың ұтымды тамақтану негіздері туралы білімдерін жинақтау және жүйелеу, салауатты тамақтану заңдары туралы білімдерін бекіту, оқушылар арасында салауатты имиджді насихаттау мақсатында "Салауатты тамақтану-тамаша көңіл – күй" конкурсы жарыс түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар дұрыс және ұтымды тамақтану үшін ең пайдалы тағамдарды таңдады. Олар дұрыс тамақтану керемет көңіл-күйдің кепілі деп тұжырымдады.

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы