Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толмақ. Осыған орай №72 мектеп-лицейінде «Ерлік мәңгі есте...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болды.

Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан Абдыгалыков Мухамедгалы Сагинтаевич қатысты.

Мухамедгалы Сагинтаевич оқушыларға өзінің басынан өткерген оқиғасын айтып берді.

Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Мектеп ұжымының атынан жауынгердің батылдығы мен батырлығы үшін зор құрметпен естелік сыйлық табыс етті.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы