Оқуға құштар мектеп жобасы аясында қаңтар айының 27-ші жұлдызында №72 мектеп-лицейінде Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылының тумасы, танымал талантты жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаевамен «Тұлғамен кездесу» сыр сұхбаты өтті.
Іс-шарамыз жақында ғана 10 сынып оқушылары оқып аяқтаған, мектеп бағдарламасына енгізілген Айгуль Жолдасбайқызының «Шашты» шығармасы жайында болды. Осы шығармадан кейін әрбір оқушының ойында бір сұрақ бары анық еді. Оқушылар өздері оқыған шығармалары бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, автормен сұхбаттасу арқылы сол сұрақтардың шешімін тапты деген ойдамыз. Айгүл Жолдасбайқызы аталған шығарма жайында ғана тоқталған жоқ, кітап оқуға деген құштарлықты қалай оятуға болатындығын, өзі оқыған керемет туындылармен бөлісе отырып қызықты оқиғаларымен баяндады.