Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 21-22 қаңтар күндері Астана қаласы Білім басқармасы мен М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының қолдауымен №18 ОМ, №72 МЛ, №93МЛ «Күшіміз бірлікте» атты қалалық әкелер арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.

Турнирге №9 Зерде мектебі, №15, №18, №29, №6, №40, №48, №49, №53, №60, №63, №66, №68, №72, №73, №76, №79, №86, №84, №90, №92, №93, БилЕр, КТЛ мектептері қатысты. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, әкелердің спортқа деген ынталарын арттыру, ата-ана, оқушы, мектеп арасындағы үштікті нығайту. Аталған шарада барлық мектеп әкелерінің басы қосылып, әкелер арасында көңілді атмосфера орын алды. Ең бастысы әкелерге жанкүйер болып келген балалары сондай риза. Бұлда бір тәрбиенің бір түрі. Ақтық ойында ойнаған №66, №86, №40, №72, №76, №93 мектептерінің арасынан ойын нәтижесі бойынша

1 орынды 76 мл

2 орынды 93 мл

3 орынды 66 мл жеңіп алды.

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы