№72 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 23 қаңтарында 7 және 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын ХVIII ғасыр мен XIX ғасыр басын қамтыды.
Қазақтар ұзақ жылдар бойы жоңғарлармен кескілескен соғыстар жүргізді. Соғыста ерлік көрсеткен Әбілқайыр хан, Бөгенбай, Қабанбай, Абылай хан және тағы басқа батырларымыз болды. Осы жылдар ішінде қазақ халқы патшалық отаршылдық экспансиясын жеңіп, ұлт-азаттық қозғалыстарға кірісіп, тәуелсіздікке қол жеткізді. Оған үлес қосқан: Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет батырлар, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа, Есет батырлар болды. Қазақтар өзінің төл ежелгі мәдениетін сақтап қалды, мұнда ақын-жыраулардың шығармашылығы мен музыкалық өнері ерекше орын алды.Осы аралықтағы тақырыптарды оқушылар еске түсіріп, турнирде өз білімдерін көрсете білді.