Бүгін: 20.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

📢 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

✅Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектеп формасына қойылатын талаптарды еске саламыз.
✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2016 жылғы №26 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектеп формасының бірыңғай түсі мен үлгісі белгіленді.

🔺️Мектеп формасына қойылатын талаптар:

🔷 Форма түсі: Қара көк (темно-синий)

🙎🏻Ұлдарға:
– Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде;
– Шалбар кең пішілген, тобықты жауып тұруы керек;
– Классикалық аяқ киім.

🙎🏻‍♀️Қыздарға:
– Пиджак, жилет, ақ жейде, тізеден төмен юбка;
– Өкшесі 2–3 см-ден аспайтын классикалық туфли.

⚽ Спорттық форма:
– Спорттық костюм (шалбар, футболка, куртка), кроссовка немесе кеды.

❗️❗️Маңызды:
– Әр ата-ана форма өндірушісін еркін таңдай алады;
– Форманы кез келген дүкеннен, нарықтан сатып алуға құқылы;
– Мектеп формасына діни конфессияларға тән элементтер енгізілмейді.

✅️Мектеп формасының сақталуы – бірыңғай тәртіп пен тәрбиенің көрінісі.
✅️ Баршаңызға түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіреміз.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы