Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!
Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Төмендегі жағдайларда ғана оқушыларды каникулдан тыс уақытта ауыстыруға рұқсат етіледі:
- соттың заңды күшіне енген шешімі болған жағдайда;
- тұрғылықты жерін ауыстырған кезде (бір елді мекен ішінде немесе басқа елді мекенге көшу кезінде) тиісті растайтын құжаттар болғанда;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу кезінде (растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда);
- кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе буллинг (қорқыту) фактілері болған жағдайда, белгіленген тәртіпке сәйкес.
Құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет аясында электрондық үкімет порталы арқылы немесе қажетті құжаттарды толық ұсына отырып, жеке өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Аталған талаптарды ескере отырып, балаңызды ауыстыруды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.


