2026 жылғы 4 наурызда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары үшін Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем мерекесі» өткізілді. Балалар өлеңдер оқып, ән айтып, түрлі байқауларға қатысып, аналары және шақырылған қонақтармен бірге би биледі. Мерекенің соңында әр бала анасына педагог-ассистенттердің көмегімен бірге жасаған қолөнер бұйымы мен ашықхат сыйлады.
Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, ата-аналарына деген құрмет пен қамқорлық сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.



