20 ақпан күні Сарайшық ауданы прокуратурасының бастамасымен Өтеген Сейітов атындағы «Болашақ прокурорлар клубы» жобасы аясында жоспарланған отырыс өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдары қызметінің маңызын түсіндіру, заңға құрмет пен адалдық қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ болашақта заң саласын таңдауға қызығушылық танытатын жастарды қолдау болды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен клуб лидерлері қатысып, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Аталған жоба жас ұрпақтың заң талаптарын құрметтеуге, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.




