17.02.2026ж 9 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Әр сыныптан командалар өз ойлары мен көзқарастарын шығармашылық арқылы жеткізді. Оқушылар зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына тигізетін кері әсерін түсініп, салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын көрсетті. Іс-шара соңында оқушылардың шығармашылығы бағаланып
Бас жүлдені - 9З сынып,
1 орын - 9Ә сынып,
2 орын - 9А және 9Г сынып,
3 орын 9Е, 9Ж, 9Ғ,
Грамота - 9Б және 9Д сыныптары марапатталды.



