Бүгін 10.02.2026ж мектеп мұғалімдеріне арналған жиын барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы таныстырылды. Кездесу кезінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен басты ерекшеліктері түсіндірілді. Атап айтқанда, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, құқықтық мемлекетті нығайту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті арттыру мәселелеріне назар аударылды. Іс-шара педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық құндылықтарды білім беру саласында кеңінен насихаттауға бағытталды.


