Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубының пилоттық жобасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң мен тәртіп» айлығы аясында 29.01.2026ж №72 мектеп-лицейінде қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы мен мектепішілік прокурорлар клубына қабылдау рәсімі өткізілді. Іс-шараға:
1. Астана қаласы Сарайшық ауданы прокуратурасының Басқарма бастығы Дошаев Әсет Берікұлы;
2. Аудан прокуратурасының аға прокуроры: Ізмұратова Құралай Рахметоллақызы;
3. Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры: Ешенқұлов Нұрдәулет Нұрланұлы;
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі: Сыдықова Алма Саинқызы;
5. Сарайшық ауданы Полиция Департаментінің полиция капитаны:
Алходжаева Айнур Абдуохаповна;
6. Сарайшық ауданы Ювеналды полиция басқармасының учаскелік инспекторы: Мергенбаев Усен Мергенбайулы;
7. №72 мектеп-лицейдің Қамқоршылық кеңес төрайымы: Нарымбаева Алия Жакуповна;
8. №72 мектеп-лицейінің Әкелер кеңесі төрағасы: Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы және сонымен қатар, Сарайшық ауданы Болашақ прокурорлар клубының 17 көшбасшысы мен мектеп директорлары қатысты.
Ашық сот отырысының мақсаты —заң алдындағы жауапкершілікті көрсету, құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру және әрбір азаматтың өз әрекеті үшін жауапты екенін көрсету. Сот отырысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтті. Болашақ прокурорлар клубының әрбір мүшесі бүгін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алды.



