27.01.2026 72 мектеп-лицейде 5–9 сынып оқушыларына арналған ««ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА
БАЛАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН
«ҚАУІПСІЗ МАРШРУТ» соның ішінде Өрт кезіндегі қауіпсіз маршрут» тақырыбында дәріс-кездесу өтті.
Кездесу барысында өрт кезінде туындайтын қауіптер, эвакуациялау тәртібі және қауіпсіз маршрутты сақтау жолдарын “Сарайшық” ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрбаев Бағлан Нұрланұлы түсіндірді.
Төтенше жағдай туындағанда 101 немесе 112 нөміріне бірден хабарласу керектігі ерекше атап өтілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың құқықтық жауапкершілігі де назардан тыс қалмады.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Кездесу мазмұнды әрі қызықты деңгейде өтті.



