Бүгін: 14.02.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

№72 мектеп-лицейде 27.01.2026ж 10-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың интернет қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру және саналы, жауапты онлайн-мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында “Интернет қауіпсіздігі” тақырыбындағы Quiz ойыны ұйымдастырылды. Онда жеке деректерді қорғау, кибербуллинг (электрондық құралдарды пайдаланып қорлау немесе қудалау), интернеттегі алаяқтық, жалған ақпарат тарату, интернеттегі құқықтық жауапкершілік мазмұнында сұрақтар болды. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы