Желідегі қауіпсіздік — бұл таңдау емес, қажеттілік!
«Заң мен тәртіп» айлығы аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында 10–11 сынып оқушылары 26.01.2026ж тақырыптық эссе жазуға қатысты.
Жоғары сынып оқушылары келесі өзекті тақырыптар төңірегінде ой қозғады:
🔹 «Дроппер дегеніміз кім?»
🔹 «Алаяқтардан өзің туралы мәлеметтерді қалай қорғауға болады?»
Іс-шараның мақсаты:
✅ білім алушылардың құқықтық мәдениетін және азаматтық
жауапкершілігін арттыру;
✅заңсыз әрекеттердің, оның ішінде интернет-алаяқтық пен дропперлік қызметтің қауіптілігін түсіндіру;
✅жеке деректерді қорғау, цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру;
✅сыни ойлау қабілетін дамыту және өз көзқарасын сауатты жеткізе білуге баулу.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерге қазіргі әлемде сенімді бағдар алуға және заң жолын таңдау арқылы саналы шешім қабылдауға көмектеседі.



