"Заң мен тәртіп" айлығы аясында №72 мектеп-лицейде 21.01.2026ж «НАҒЫЗ ЕР АЗАМАТ БОЛУ – НАМЫС ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» тақырыбында ашық диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға “Балаларға қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы” КММ әдіскері Айнур Амангелдиевна, Темірден түйін түйген спортшы, Қазақстанның гір көтеруден чемпионы Шәріпбекұлы Қуаныш, Астана қаласы Дін істері басқармасының дінтанушы маманы Қуатов Арулан Қуанышұлы, №72 мектеп-лицейінің Әкелер кеңесінің төрағасы Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы, мектептің Әкелер кеңесінің белсенді мүшелері Айдаров Сәндібек Амангелдіұлы, Бегасилов Рахат Әбсейітұлы, Дөкесов Асылбек Куандықұлы қатысты. Іс-шара өте жоғары деңгейте өтілді, Әкелер әртүрлі тақырыптағы өзекті мәселелерді көтеріп, шешімін оқушылармен бірге талқылай отырып ашық алаңды қызықты әрі пайдалы өткізе білді. Мектеп директоры А.Ж. Дюсенова келген қонақтар мен мектептің Әкелер кеңесіне алғысын білдіріп, балалармен бірге мұндай іс-шараларды бірге жалғастыру туралы ұсынын білдірді.




