Қанипа Бітібаева зертханасы: тәжірибе мен инновация тоғысындағы әдістемелік алаң
2026 жылғы 15 қаңтар күні «С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК базасында мектеп директоры Бану Әлімжанқыз және қалалық зертхана жетекшісі Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен Қанипа Бітібаева атындағы зертхананың жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қанипа Бітібаева әдістемелік мектебінің ғылыми-тәжірибелік әлеуетін тарату, қазақ тілі мен әдебиеті (Т1) пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдебиетті оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу.
Тәжірибе алмасу барысында зертхананың шығармашылық топ мүшелері төмендегі тақырыптық бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:
«Қанипа Бітібаева зертханасы: тәжірибе және инновациялық оқыту әдістемесі»
«Әдебиетті оқыту – тұлғаны қалыптастыру»
«Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»
«Қ. Бітібаева технологиясы және оқушының функционалдық сауаттылығы»
«Абай шығармаларындағы Біртұтас тәрбие сипаты»
«Қ. Бітібаева әдістемесі негізінде әңгімені меңгертудің тиімді жолдары»
Ұсынылған тәжірибелерде оқушының шығармашылық ойлауын дамыту, мәтінді талдаудың проблемалық, зерттеушілік сипаттағы үлгілері, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білімнің біртұтастығы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйелі түрде көрсетілді.
Зертхана жұмысына сарапшылық жасап, ғылыми-әдістемелік кері байланыс беру мақсатында төмендегі қонақтар шақырылды:
Қасенов Сәкен Тоқанұлы – филология ғылымдарының кандидаты,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы,
Қанипа Бітібаеваның шәкірті;
Қисымова Алима Қисымқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты,
«Білім академиясы: Инновация. Трансформация. Трансляция» ЖШС-ның бас коуч-тренері;
Ақтанова Айман Советқызы –
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
филология ғылымдарының кандидаты.
Сарапшылар зертхана жұмысының ғылыми негізділігіне, әдістемелік жүйелілігіне, тәжірибелік маңыздылығына жоғары баға беріп, ұсынылған тәжірибелердің білім беру сапасын арттырудағы тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, зертхана жұмысының болашақ даму бағыттары бойынша құнды ұсыныстар мен әдістемелік пікірлер білдірілді.
Аталған тәжірибе алмасу алаңы Қанипа Бітібаева мұрасын заманауи білім беру талаптарымен сабақтастыра отырып, әдебиетті оқытудағы инновациялық үрдістерді таратуға, педагогтердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға бағытталған маңызды ғылыми-әдістемелік алаң болды.



