"Заң және тәртіп" айлығына орай, 2026 жылдың 8 қаңтарында №72 мектеп-лицейде Астана қаласы «Сарайшык» ауданының Ювеналды полиция инспекторлары Қазығалиева Д.А. және Шайлазымов А.Қ. 8-11 сынып оқушылары арасында “Заң мен тәртіп” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында қауіпсіздік, ұсақ құқық бұзушылық, конфликтілік жағдайлар, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және ұрлық мәселелері талқыланды.




