Бүгін: 04.02.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 29 желтоқсанында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының Стратегия және талдау орталығының жетекші эксперті Абильякимова Айда Куандыққызының қатысуымен педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте «Оқудағы жасанды интеллект: ПИЗА-2029 қандай ЖИ-дағдыларды бағалайды» тақырыбы жан-жақты талқыланды. Тренинг мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Мультимедиялық презентация арқылы оқушылардың оқылым, жаратылыстану сауаттылығы бойынша жасанды интеллект көмегімен дайындалған ПИЗА тапсырмаларының мысалдары көрсетілді. Сонымен қатар, Айда Куандыққызы оқушылардың түсіну, талдау және синтез дағдыларын дамытуға арналған үй тапсырмаларының түрлерін де қарастырды. Кездесу жақсы іскерлік атмосферада өтті.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы