ШЖҚ КМК №72 мектеп-лицейінің 5 “И” сынып оқушысы Есимжанова Замира қалалық байқауда жүлделі III орын иеленді!
Бұл байқау «Сарайшық» ауданы әкімдігі мен «Жаңару» РҚБ ұйымдастыруымен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатура байқауы болды.
Бұл жетістік — Замираның табандылығы мен шығармашылығының нәтижесі.
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуына үлкен кедергі. Ол әділеттілікке, теңдікке, болашағымызға қауіп төндіреді.
⠀
Біз – жаңа ұрпақ, әділдікті, тазалықты таңдаймыз!
Адалдық – әр адамның ішкі ұстанымы болу керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әр азаматтың міндеті.
Жас ұрпақтың бойына адалдық пен әділеттілік құндылықтарын сіңіру – жарқын болашақ кепілі.
Бәріміз бірге – ТАЗА ҚОҒАМ үшін!



