Бүгін: 04.02.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 24 желтоқсанында  №72 мектеп-лицейінің кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында READx форматы бойынша «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында пікірталас өтті. Спикерлер ретінде 8-9 сынып оқушылары: Омаров Альмади, Калина Дана, Оразбек Айна, Жұматаева Молдир, Ыбрай Ләйлә, Балықұл Назерке, Сейсенғали Мариям, Татура Татьяна, Бастарбек Ақмерей қатысты. Оқушылар өздері оқыған кітаптың атын, авторын, кітаптың суретін және негізгі идеяларын қысқаша таныстырды. Альмади Омаров Франц Кафканың «Метаморфоза» хикаясындағы ойларын эмоционалды түрде жеткізді, онда басты кейіпкер Грегор Замзаға айналып, адамдар арасындағы қатынасты зерттеді. Ақмерей Бастарбек «Мен және ақша» кітабын таныстырып, қаржылық сауаттылық туралы айтты. Пікірталас барысында Достоевский, Булгаков, Айтматов, Момышұлы, Бек, Олкотт сынды классиктердің шығармалары ұсынылды, бұл оқушылардың классикаға деген қызығушылығын арттырды.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы