№72 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік-басты құндылығымыз" тақырыбында 1-11 сынып арасында бірыңғай сынып сағаттары мен әртүрлі іс-шаралар өтті. Іс-шаралар аясында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен танысты, Мемлекеттік рәміздер, елдің негізгі жетістіктері және оның басты құндылықтары туралы көбірек білді. Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік, өз елі үшін мақтаныш және өз Отанына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.





