«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында мектеп-лицей №72-нің 7-сынып оқушылары жануарлар панасына барып, қайырымдылық көрсетті. Оқушыларымыз паналаған иттер мен мысықтарға арнап түрлі дәмді азықтар, төсеніштер және күнделікті аса қажет заттар апарды. Ең бастысы — олар жануарларға жылу, мейірім және шынайы қамқорлық сыйлады.



