Бүгін: 14.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

03.12.2025ж №72 мектеп-лицейінен 10Г сынып оқушысы, Вице Президент Советов Жанибек Сейітов атындағы болашақ прокурорлар клубына ресми түрде қабылданды. Бұл клуб – елорда прокуратурасында таныстырылған және «Заң мен Тәртіп» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба. Іс-шараға мектеп директоры Дюсенова А.Ж. қатысып клубтың мақсаттары мен оның оқушылар үшін маңызын кеңінен талқылауға және оқушылардың жауапкершілікті түсіне білуіне, бұл бағытқа деген шынайы қызығушылықтарын арттыруға қолдау көрсетті.

Жоба жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті дамытуға және прокуратураның қоғамдағы рөлін терең түсінуге бағытталған. Клубтың жұмысы өзін-өзі басқару принциптері бойынша ұйымдастырылады: лидердің айналасында белсенді топ құрылып, клубтың негізгі бастамалары мен бағыттары айқындалады. Ал үйлестіруді прокуратура мектеп әкімшіліктерімен және кураторлармен бірлесе жүргізеді.

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы