20.11.2025 ж №72 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушылары үшін ЖШС «Салауатты Астана» медициналық орталығының мамандары арнайы келіп, маңызды тақырыптар бойынша ақпараттық дәрістер өткізді.
Гинеколог – Абдикаримова А.Ж.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, жеке гигиена, өз денесін дұрыс түсіну және алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Дәріс оқушылардың денсаулық мәдениетін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Уролог – Жусанбай Д.Б.
«Жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар және олардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Психолог – Тайжанова А.Қ
«Буллинг және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу » тақырыбында дәріс өткізіп, оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық, эмоциялық тұрақтылық және қиын жағдайда көмек сұрау жолдары туралы түсіндірді.


