17.11.2025 ж. мектебімізде ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті.
Жиын барысында әр пән мұғалімі жеке қабылдау жүргізіп, ата-аналармен жүздесті. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімі, сабақтағы белсенділігі, үй тапсырмаларын орындау көрсеткіші және жалпы тәртібі жөнінде толық ақпарат алды.
Осындай форматтағы кездесу ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстың тиімділігін күшейтеді.
Барлық ата-аналарға уақыт бөліп келгендері үшін алғыс айтамыз!



