Бүгін: 08.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылғы 13 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 11-сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды, сол шараға мектебімізден оқушылар апарылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, талапкерлерге факультет мамандықтары мен білім беру мүмкіндіктері жан-жақты таныстырды.
Кездесу факультет деканы міндетін атқарушы Купаева Айсұлу Корабековнаның құттықтау сөзінен басталып, факультеттің миссиясы, оқу артықшылықтары және халықаралық бағыттағы білім беру мүмкіндіктерімен таныстырды.
Іс-шара барысында факультеттің негізгі білім беру бағдарламалары – Халықаралық қатынастар, Аймақтану, Шығыстану, Түркітану және Саясаттану бағыттары таныстырды. Оқушыларға әр бағдарлама бойынша оқу мазмұны, карьерлік мүмкіндіктер және академиялық орта туралы мәліметтер берді.
Шара мәдени және көңіл көтеру бағдарламасымен жалғасты: студенттер концерттік номерлер дайындап, интерактивті ойындар өткізді, қонақтарға естелік сыйлықтар берді.
Оқушылар іс-шарадан ерекше әсер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды. Ашық есік күні жоғары деңгейде өтіп, талапкерлер үшін пайдалы ақпараттық алынды.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы