Бүгін: 08.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

13.11.2025ж Астана қаласы “Ақмола вагон жөндеу зауыты” АҚ-на №72 мектеп-лицейінің 9 “А” және 9 “В”сынып оқушылары кәсіптік бағдар бойынша экскурцияға барып қайтты. Мақсаты:
Оқушыларды өндірістік кәсіпорынның жұмысымен таныстыру, еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру.
Экскурсия барысы:
Экскурсия барысында оқушылар зауыттың негізгі бөлімдерімен танысты:
- Вагондарды жөндеу процесі,
- Дәнекерлеу және бояу цехтары,
- Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тәртіп ережелері.
Мамандар оқушыларға зауыттың тарихы мен қазіргі жұмысы туралы түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өндірістік үдерістің күрделілігіне қызығушылық танытып, түрлі техникалық құралдар мен жабдықтармен танысты. Нәтижесі:
Экскурсия оқушылардың көкжиегін кеңейтті, болашақ мамандық таңдауға түрткі болды. Оқушылар өндірістік ортадағы нақты еңбек процесін өз көзімен көріп, кәсіби бағдарлау бойынша құнды ақпарат алды.
Қорытынды:
Мұндай танымдық экскурсиялар оқушылардың еңбекке құрметпен қарауына, техникалық мамандықтарға қызығушылық артуына септігін тигізеді.

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы