Бүгін: 07.11.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

14 қазан 2025 жылы Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінде 1-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
Кездесудің тақырыбы — «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі» болды.

Іс-шара барысында:
1. Сергіту сәті ұйымдастырылып, ата-аналар би қимылдарына қатысты;
2. Мектеп өмірі мен оқушылардың бейімделу ерекшеліктері туралы презентация көрсетілді;
3. Ата-аналарға кейс тапсырмалары таратылып, олар топпен жұмыс жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды;
4. Мектеп педагог-психологы тарапынан пайдалы кеңестер берілді.

Кездесу жылы әрі әсерлі өтті, ата-аналар өз балаларының мектеп өміріне бейімделу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат алды.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы