Бүгін: 07.11.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың 23 қазанында № 72 мектеп-лицейнің кітапханашылары 5 Е сынып оқушыларымен Республика күніне арналған сынып сағатты өткізді.
Іс-шара екі команда арасындағы жарыс түрінде өтті. Командалар келесі сайыстарға қатысты: «Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік заттарын ата» (саяхатшы жігіттің қоржынынан заттардың суреттерін алып, екі тілде атау керек болды), «Бұл кім, тап?» (сипаттамасы бойынша Қазақстанда мекендейтін жануарды табу), «Дастархан», «Полиглот», «Қалалар» («Здравствуй ,столица!» әнін тыңдап, әндегі қалалардың атауларын тізіп шығу), «Бәйге» (көрермендермен ойын, себеттен кәмпиттерге жабыстырылған сұрақтарды алып, Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беру), «Пазлды құрастыр», «Мақалды аяқта» (үш тілде жауап беру), «Ұлттық киім» (киімдердің суреттерін тақтадағы халықтардың атауларымен сәйкестендіру). Екі команда да көрермендер де тарих, дәстүр, тілдер туралы жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шара «Шашу» рәсімімен аяқталды.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы