Бүгін: 07.11.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

14 қазан күні Мұстафа Шоқай музейінің зерттеу тобы «Көшпелі музей» жобасы аясында, музей меңгерушісі Салтанат Нұрлыбекқызы Сексембаева мен 10 оқушыдан құралған шығармашылық ұжым құрамында Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейге қонаққа барды. Іс-шара қазақ тілі пәні мұғалімі Құралай Серікқызы Тырнақпаеваның шақыруымен ұйымдастырылды.  Көрермендерге Қасен Алуа мен Қасен Әзиза орындаған «Алаш» күйі ұсынылды. Сондай-ақ, «Менің Мұстафам» атты моноспектакль көрсетілді. Мария Шоқайдың рөлін 10-сынып оқушысы Рахимжанова Мадина шебер сомдады.  Іс-шара барысында Шоқайлар әулетінің жеке мұрағатынан алынған сирек фотосуреттер қойылған көрме таныстырылды. Бұл фотолардың кейбірін Мұстафа Шоқайдың өзі түсіргені ерекше әсер қалдырды.  Көрме барысында музейдің ең құнды жәдігерлері де ұсынылды: Мұстафа Шоқайдың жеке портативті баспа машинкасы, мөрлері, хаттары, түпнұсқа фотосуреттері, Мария Горинаның концерттік бағдарламасы, сирек кездесетін литографиялық діни кітап және Мұстафа Шоқайдың жеке мұрағатындағы газет қиындысы.  Іс-шара барысында Шоқайлар әулетінің жеке мұрағатынан алынған сирек фотосуреттер қойылған көрме таныстырылды. Бұл фотолардың кейбірін Мұстафа Шоқайдың өзі түсіргені ерекше әсер қалдырды.

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы