🗳️ Мектеп Президентін сайлау – оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымының көрінісі
2025 жылдың 17 қазан күні Астана қаласындағы «№72 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК-де дәстүрлі мектеп Президентін сайлау өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, көшбасшылық қабілеттерін анықтау және демократиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сайлауға жоғары сынып оқушылары арасынан бірнеше үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Әр кандидат мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларын ұсынды, оқушыларға арналған жобалар мен идеяларын ортаға салды.
Дауыс беру ашық түрде, әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидалары сақтала отырып өтті. Оқушылар өз таңдауларын жасады, нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үміткер мектеп Президенті болып сайланды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары демократиялық процестің маңызын түсініп, өз пікірін білдірудің, жауапкершілік пен белсенділіктің маңыздылығын сезінді.


