15.10 Астана қаласы, «№ 72 мектеп- лицейі» ШЖҚ МКК-де
6-сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен жазушы, журналист-публицист, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші Төлен Тілеубаймен “Атадан қалған асыл сөз – ұлттық құндылық” тақырыбында сұхбат-әңгіме болып өтті.
Оқушыларға ұлттық құндылықтардың маңыздылығын, оның ішінде ауыз әдебиеті, даналық сөздердің мәдениетіміздегі орнын түсіндіру мақсатында өткен кездесу біздің рухани әлемімізді байытып, еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құрметімізді арттыруға өз үлесін қосты. Оқушылар ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шығармаларды оқу және талдау, журналистика, жазушылық мамандық туралы алғашқы түсінік қалыптастыруда, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін насихаттау, қазіргі заманғы жастарға ұлттық салт-дәстүр мен рухани байлықты бағалауды үйрету, сұхбат жүргізу, сұрақ қою дағдыларын дамыту туралы өздеріне тағылымды әсер қалыптастырды. Мектеп ұстаздары, ата-аналар Төлен Зәрубайұлына өз ризашылықтарын білдіріп, жазушыға шығармашылық табыс тіледі.



