Бүгін: 21.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектебімізде  15.09.2025ж отбасы күніне орай «Біздің отбасымыздың 5 ережесі» тақырыбында 5 сыныптар арасында суреттер көрмесі өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарды, өзара түсіністікті, сүйіспеншілікті және жауапкершілікті көрсету қабілетін дамыту. Көрмеге 5 сыныптың әр оқушысы қатысып, өз отбасылары туралы шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар өздерінің отбасын сипаттайтын 5 ережені бейнелейтін суреттерін салды. Әр жұмыс ерекше, шығармашыл, және отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды көрсетті. Суреттерде оқушылардың отбасында қабылданған ережелер, атап айтқанда, бір-біріне құрмет, сүйіспеншілік, көмек көрсету, ашықтық және бірлік сынды құндылықтар бейнеленді. Оқушылар түрлі материалдарды пайдалана отырып, өз туындыларын ерекше етіп жасауға тырысты.

  

    

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы