01.10.2025ж №72 мектеп-лицейінде “Қамқор” жобасы аясында 10 “Д” және 10 “Б” сыныптарының ұйымдастыруымен “Ардагер ұстаз-саналы ұрпақтың сарқылмас қазынасы” тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Оқушылар өз өнерлері мен ұстаздарға арналған ізгі тілектерін жолдап, баталарын алды. Ардагер ұстаздарымыз әрқашан құрметке лайық. Барлық уақытта қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес өнеге боп қала бермек.