“Таза Қазақстан” аясында мектебіміздегі сенбілік.
Сенбілікке мектептің мұғалімдері белсене атсалысып, оқу орнының ауласын, айналасын тазалап, жасыл аймақтарға күтім жасады.
Ортақ іске бір кісідей жұмылған ұстаздар ұжымының мақсаты – оқушыларға үлгі болып, туған жерді аялап, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын іспен көрсету.
Сенбілік барысында аула қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді. Мұғалімдердің бірлігі мен еңбегі арқасында мектеп ауласы тазарып қана қоймай, көркейіп, жайқалған күйге енді. 🌿