18.09.2025 ж мектебімізде «Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
👨👩👧 Жиналысқа 186 ата-ана қатысып, білім беру сапасын арттыру мен бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ортақ міндеттері талқыланды.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1️⃣ «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылын күшейту жолдары»
2️⃣ «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру және ортақ жауапкершілік
3️⃣ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу
4️⃣ Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы – білім сапасын көтерудің негізі
5️⃣ Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
✨ Жиналыс барысында ата-аналар мен ұстаздар ашық пікір алмасып, тәрбиелік бағыттағы маңызды мәселелерді бірге талқылады.