Азаматтық қорғаныс пен қауіпсіздік өміріміздегі ең маңызды ұғымдар. Әсіресе «ғасыр дерті» атанған терроризм қаупі бізден айрықша дайындықты және жинақылықты талап етеді.
Егер террорлық қауіп-қатер адам көп жиналған жерлерде төне қалса дүрбелеңге жол бермей ұйымшылдықпен іс-қимыл жасауға жаттығу – өмір қауіпсіздігінің кепілі. №72-мектеп-лицейде 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес «Қызметкерлердің, педагогтердің, оқушылардың қарулы шабуылға ұшырауы» тақырыбында жаттығу өткізілді.
Жаттығу жоғарыда аталған бұйрық қосымшасында берілген алгоритмге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды. Оқушылар арасында дүрбелең туындаған жоқ. Қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына жол берілмеді.