Бүгін: 21.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Тіл – достықтың кілті» іс-шарасы

Мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында «Тіл – достықтың кілті» атты тағылымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі өлеңдері арқылы тілге деген құрметке, достық пен бірлікке тәрбиелеу болды.

Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әр тілде мәнерлеп оқылған өлеңдер жас жеткіншектердің тілдік қабілеттерін арттыра түсті.

Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, барлығы тілдің қоғамдағы маңызы мен ұлы тұлғалардың мұрасын қадірлеудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір сезінді.

   

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы