№72 мектеп- лицейінде «Тілдер фестивалі» аясында 15 қыркүйек күні «Абай тағылымы – жас ұрпаққа өнеге» атты : Әдеби-танымдық конференция өтті.Коференцияның басты қонағы ретінде Н.Ә.Назарбаев университетінің профессоры,педагогика ғылымдарының докторы Құрманбай Гүлтас Сайынқызы қатысты. Бүгінгі шарамызда Абай мұрасының өмірлік маңызы, жастарға берер тәлімі өте зор екені туралы айтып өтті.
Абайдың өлеңдері мен қара сөздері түрлі салада қолданылатыны белгілі. Оқушыларымыз Абайдың бірнеше өлеңдерін оқып, ұлы ақынның шығармаларын тағы бір рет тереңірек түсінуге мүмкіндік туғызды.
Мектебіміздің жас ұстаздары :
Амербекова Куралай Сайрановна
Акенова Айгуль Абдиашимовна
Жорабекова Мадина Жорабекқызыспикер ретінде қатысып, Абайдың қара сөздерін талдап, баяндама жасады. Мектеп ұстаздары Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Фестиваль өз мақсатына жетіп, соңындапікірталас, кері байланыс жүргізілді.Ұлы ақынның шығармалары әрқашан біздің жүрегімізде өмір сүріп, бізді жақсы адам болуға тәрбиелейді.