Бүгін №72 мектеп-лицейінің ұжымы мен оқушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тыңдады.
🔹 Жолдауда бірқатар маңызды бастамалар көтерілді. Соның ішінде, білім беру сапасын арттыру – басты назарда.
📚 Әсіресе, білім саласына қатысты мәселелер біз үшін аса маңызды. Жолдауда көтерілген әрбір бастама – ел ертеңі, жас ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан нақты қадамдар.
✨ Біз Жолдауда айтылған міндеттер мен құндылықтарды толық қолдай отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге өз үлесімізді қоса береміз!