Мектебімізде қыркүйек айының 15.09.2025 мен 26.09.2025 аралығында Өнер бірлесігінің «Өнерлі ұрпақ-өмірдің жарқын болашағы» атты тақырыпта апталығымызды бастадық . Әдістемелік бірлестікте 10 ұстаз жұмыс жасайды. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдану және өзара іс-тәжірибе алмасу. Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың бойындағы көркемдік-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру,талантты және қабілетті оқушылардың бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту. 15.09.2025 күні «Өнерлі ұрпақ-өмірдің жарқын болашағы» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында апталықтың жоспары құрылымы айтылып, оқушылар өлең, би өнерлерін көрсете білді. Апталықта ашық сабақтар мен қызықты сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп жатыр. Апталықтын алғашқы күні мектебіміздің мұғалімдеріне және оқушыларына қызықты ойындар өткізілді. “Көтеріңкі көңіл күй” атты мұғалімдер арасында ойын, “Еңбек –бәрін жеңбек” атты тақырыпта көрме өткізілді.